«Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын беру және бөлу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтердің өзгергені туралы хабардар етеді.

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын жеткізу және тарату бойынша тарифтердің өзгергені туралы хабарлайды.

2025 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 қарашаға дейін жылу энергиясын жеткізу және тарату бойынша ҚҚС-сыз тариф 1 Гкал үшін 1 709,63 теңге мөлшерінде белгіленді.

Тарифтің өзгеру себептері: стратегиялық тауарлардың құнының өсуі, жылу энергиясын жеткізу және тарату көлемінің ұлғаюы, 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламалардың артуы, статистикалық деректерге сәйкес қалыптасқан экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі, сондай-ақ жылу желілерін балансқа қабылдауға байланысты кірістердің өсуі.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2024 жылғы 23 қарашадағы №106-НҚ бұйрығы.