Введите свой email адрес, на который придет ссылка для восстановления пароля.
Установка нового пароля
Введите новый пароль для вашего аккаунта.
"Astana - Teplotranzit" АҚ-ның қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар-жоғына зерттеледі
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласының Энергетика басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымы «Астана - Теплотранзит» АҚ-ның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады.
Талдау аясында осы саладағы әкімшілік кедергілер мен оларға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерттеу жоспарлануда.
Талдауды Департамент қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.
Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдауға қатысуға шақырады.
Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе «Астана - Теплотранзит» АҚ-ның қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды dagspk@mail.ru электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.