Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мен Энергетиктер күніне арналған Спартакиаданың өткізілуі туралы

Спартакиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мен Энергетиктер күніне орай Астанада басталды. Спорт энергетика компаниясы мен қаланың коммуналдық қызметкерлерінен құралған жеті команданы біріктірді. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі бүгін, 15 қарашада өтті. «Астана – Теплотранзит» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Бегімов жарыстың басталуына ресми түрде старт берді. «Энергетика компаниясы мен коммуналдық қызметкерлер арасында кәсіби мереке қарсаңында спартакиада өткізу жақсы дәстүрге айналды. Биыл бұл шараны өткізу құрметі біздің Қоғамға бұйырды. Жарыстың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және командалық рухты нығайту. Бұл шара өте қажет, себебі жарыстардың арқасында халықтың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігі артады», – деді Қоғам басшысы өзінің құттықтау сөзінде. Спартакиадаға келесі ұйымдардың қызметкерлері қатысуда: «Астана – Теплотранзит» АҚ, «Астана – Энергия» АҚ, «Астана РЭК» АҚ, «Астана Су арнасы» ШЖҚ МКК, «ElordaEco System» ШЖҚ МКК, «Астана Энергосбыт» ЖШС және «Астана -Тазалық» ЖШС. Қатысушылар тоғызқұмалақ, волейбол, шахмат, армрестлинг, гір көтеру, үстел теннисі және мини-футбол турнирлері бойынша жүлделі орындар үшін бақ сынайды. Жарыстар 15 қарашадан 13 желтоқсанға дейін жалғасады.   [gallery size="medium" ids="14688,14692,14686,14684,14682,14679,14677,14675,14690"]