Астананың тиімді жылумен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету мақсатында жылу желілерін жаңғырту нысандарына баспасөз турын өткізу туралы
Астана қаласының жылу желілерін жаңғыртуға арналған инвестициялық бағдарлама аясында БАҚ өкілдері, мәслихат депутаттары және қоғам өкілдері үшін баспасөз туры өтті.
Баспасөз туры барысында қатысушыларға слайдтар көрсетіліп, «Астана-Теплотранзит» Акционерлік Қоғамының инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Бұл бағдарлама аясында қаланың жылумен үздіксіз әрі тиімді қамтамасыз етілуі мақсатында жылу желілерін жаңғырту және жаңарту жоспарланған.
Бағдарлама бірнеше нысандарды қайта құру мен жаңғыртуды қамтиды. Атап айтқанда:
- «ТК Тәшенов көшесі, 3-тен Тәшенов көшесі, 16-ға дейінгі (УТ-29(23)) қолданыстағы жылу желілерін қайта құру»
- «134-ші кварталдағы жылу трассасын Бейбітшілік көшесі 24, 26, 28, Бөгенбай батыр даңғылы 50/1, Әуезов көшесі 27, 25 бойымен 2Ду57мм-219мм қайта құру»
- «УТ8(9)-дан Республика даңғылы, 25-ке дейінгі жылу трассасын 2Ду 80-200мм қайта құру, Астана қаласы»
«Астана-Теплотранзит» АҚ Астана қаласын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. 2023 жылдың басында кәсіпорын жалпы ұзындығы 957,016 км желіні қызмет көрсетеді, оның ішінде:
Су жылу трассалары – 948,695 км
Бу құбырлары – 8,321 км
Есептік жүктеме (макс) – 2 822,4 Гкал/сағ
Орташа тозу – 55,2%
Кәсіпорын жұмысының маңызды бөлігі – желілерді жаңғырту, тозуды азайту және жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және желілердің оқшаулауын қалпына келтіру 2023 жылдың қазан айының соңына дейін, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
«Астана-Теплотранзит» АҚ елорданы тұрақты және тиімді жылумен қамтамасыз етуге, жылумен жабдықтау саласында қауіпсіздік пен сапаның жоғары стандарттарын сақтауға ұмтылады.
[gallery ids="14534,14530,14522,14524,14526,14528,14518,14520,14532"]