Қаржы пирамидаларынан сақ болыңыз

2022 жылғы 17 қазан біздің Кәсіпорында Астана қаласы бойынша ДЭР өкілі Асанова Айгүл Қалимгерейқызымен кездесу өтті.

Кездесу барысында пирамида ұғымы, олардың желілік маркетингтен айырмашылығы түсіндірілді. Қылмыстық істердің кейстері ашып көрсетілді.

Кейбір адамдар алаяқтардың айла-тәсілдеріне тап болғаны анықталды.

Қаржы пирамидасының негізін қалаушылар инвесторларға ұзақ уақыт бойы ұстап тұру мүмкін емес жоғары табыс уәде етеді. Пирамиданың барлық қатысушылар алдындағы міндеттемелерін өтеу әуел бастан мүмкін емес.

Қаржы пирамидалары кез келген ұйым ретінде шебер жасырынады. Көбінесе олар өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Жарнамаларында «болашағы зор бизнес», «жоғары технологиялы компания», «инновациялық жоба» деген ұрандарды пайдаланады. Сондай-ақ алаяқтар басқарушы компаниялар, тұтыну кооперативтері, букмекерлік кеңселер және т.б. ретінде де жасырынады.

«Пирамидалардың көбі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде құрылуда. Сондықтан сізді түрлі чаттарға, әлеуметтік желілердегі жалпы әңгімеге қосылуға шақырса, абай болыңыз. Сіз онлайн-пирамидаға тап болуыңыз мүмкін!», – деп ескертеді Асанова А.Қ.

Департамент қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды. Егер сіз пирамида құрбаны болсаңыз, дереу Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне мына мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Желтоксан 43, телефон 87172-76-79-43

[gallery size="medium" ids="10038,10040,10042,10044,10046,10048"]