Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай 5 қыркүйекте өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілге құрмет, елге құрмет» іс-шарасы аясында «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның іс жүргізу және персоналды басқару қызметінің аудармашылары ұйымдастырған «Мақал – сөздің мәйегі» мақал-мәтелдер викторинасы өткізілді. Бұл іс-шара кәсіпорын қызметкерлерінің мақал-мәтелдерді білу деңгейін анықтау, сондай-ақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабаларымыздың ұлы мұрасын насихаттау мақсатында өткізілді. «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері аталған іс-шараға белсенді қатысты. [gallery size="medium" ids="8901,8903,8905,8907,8909,8911,8913,8915,8917,8919,8921,8923,8925,8927"]