Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның іс жүргізу және персоналды басқару қызметі «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің белгісі» атты байқау ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін насихаттау, Мемлекеттік Туға құрмет көрсету және оның құндылығын жас ұрпаққа жан-жақты түсіндіру, рәміздерге деген құрметті арттыру. Байқауға 1992 жылы туған «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері қатысты. Байқау қатысушылары алғыс хаттармен марапатталып, сыйлық ретінде кітаптар табыс етілді.
[gallery size="medium" ids="6237,6239,6245,6241,6243"]