Введите свой email адрес, на который придет ссылка для восстановления пароля.
Установка нового пароля
Введите новый пароль для вашего аккаунта.
Евразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі «EURASIAN BOOK FAIR — 2022» шарасына қатысуға шақырамыз!
«Оқитын Қазақстан – оқитын ұлт» жобасы аясында, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған болатын, «Фолиант» баспасы «Eurasian Book Fair - 2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырады. Биыл бұл көрме-жәрмеңке бесінші рет 2022 жылғы 20-24 сәуір аралығында Халықаралық Көрме Орталығы «EXPO»-да Мәңгілік Ел даңғылы, 53/2 мекенжайында, Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Толығырақ ақпарат сайтта: https://www.eurasbook.com/route.html.Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:- Еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттердің мәдениет, әдебиет және кітап баспасы салаларындағы жетістіктерін көрсету;— Халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет салаларында белсенді ынтымақтастығын дамыту;— мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет салаларында белсенді ынтымақтастығын нығайту;— оқырман сұранысы бойынша ақпаратпен тиімді алмасу және кітап өнімдерін шығару мен тарату бойынша келешегі бар міндеттерді айқындау;— жетекші баспалардың үздік заманауи кітап өнімдерінің ассортиментін, кітап баспасы мен полиграфия саласындағы жаңа технологияларды әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға ұсыну;— баспалар, авторлар, кітапханалар мен кітап сауда ұйымдары, полиграфиялық компаниялар арасындағы ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту және кеңейту.