Мероприятия, проведенные к празднику Наурыз Ұлыстың Ұлы күні

Наурыз мерекесі – көктемнің жарқын мерекесі. Наурыз мейрамы күні әркім Жаңа жылды қуанышпен және шаттықпен қарсы алады. Осыған орай біздің кәсіпорында – «Астана-Теплотранзит» АҚ-да Наурыз мейрамын атап өту ұйымдастырылды. Іс жүргізу және персоналды басқару қызметі «Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» тақырыбында қабырға газетін шығарды. 2022 жылғы 18 наурызда Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі тоғызқұмалақ, арқан тарту, гір көтеру, армрестлинг сияқты қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар өткізді, жеңімпаздар құрмет грамоталарымен марапатталды. «Армрестлинг» жарысында жеңіске жеткені үшін екінші ауданның реттеу қызметінің технигі Нұрғиса Ташим, «24 кг гір көтеру» жарысында жеңіске жеткені үшін жылу-механикалық жабдықтарды пайдалану қызметінің насос қондырғыларының машинисі Азамат Калиев, «32 кг гір көтеру» жарысында жеңіске жеткені үшін көлік қызметінің жүргізушісі Тлеген Габдуллин, «Тоғызқұмалақ» жарысында жеңіске жеткені үшін жылу-механикалық жабдықтарды пайдалану қызметінің шебері Аблайхан Сүлейменов және «Арқан тарту» жарысында өлшеу-бақылау аспаптары және автоматика қызметінің автоматтандырылған басқару жүйесі инженері Владимир Ситников, Евгений Колесников және автоматтандырылған басқару жүйесінің жетекші инженері Ильяс Хуснутдинов марапатталды. [gallery size="medium" ids="5455,5457,5459,5461,5463,5465,5467,5469,5471,5473,5475,5477,5479,5481"] Наурыз мейрамында, Ұлыстың Ұлы күнінде, ұлттық дәстүрлерді сақтау, әдет-ғұрыптарды ұрпаққа мұра ету мақсатында, кәсіпорында «Тұсаукесер» рәсімі өтті. Өндірістік-жөндеу қызметінің муфта қосылыстарын монтаждаушысы Әділхан Балғожин мен құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу қызметінің заңгері Дастан Какимжанов балаларының тұсауын кесуді «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағдат Оразалдиновичке сеніп тапсырды, балалары ширақ, мейірімді, құрметті әрі өз ортасында беделді азамат болсын деп тіледі. [gallery size="medium" ids="5483,5485,5487,5489,5491,5493"] Іс жүргізу және персоналды басқару қызметі «Наурыз – той думан» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Концертте кәсіпорын қызметкерлері қазақ, түрік және қырғыз тілдерінде әсем әндер орындап, қазақтың ұлттық биі мен домбырада күй тартты. [gallery size="medium" ids="5495,5497,5499,5501,5503,5505,5507,5509,5511"] Бұл шарада кәсіпорын қызметкерлерінің балалары да өнер көрсетті. Айлин Уразбай көрермендерді үнді биімен таңғалдырды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы №50 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Дана Ахмет және №73 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Мекежан Байсалды өз өнерлерімен қуантты. [gallery columns="5" size="medium" ids="5513,5515,5517,5519,5521"] Кәсіпорын қызметкерлері, көптеген жылдар бойы кәсіпорындағы мерекелік шараларда өнер көрсетіп, өз таланттарымен қуантатын, Наурыз мерекесіне арналған әсем әндерімен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осыған орай Тасбулатов Ануарбек Ахмедиевич, Альжанов Амангелді Серікович, Үмітбаев Ғалым Капенович «Үкілі домбыра» номинациясымен, Аубакирова Назгүл Ақанқызы «Күміс көмей әнші» номинациясымен, Маркабаева Қарлығаш Серғазиевна, Елеш Дана Темірхановна «Сазды әуен» номинациясымен, Әбішев Талғат Темірбекұлы «Әншілік өнер шебері» номинациясымен марапатталды. [gallery columns="4" size="medium" ids="5523,5525,5527,5529,5531,5533,5535,5537"] Сондай-ақ 22 наурыз күні «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы «Жастар» алаңында киіз үй тігіп, бауырсақ пен наурыз көже таратты. [gallery columns="5" size="medium" ids="5539,5541,5543,5545,5547"]