Введите свой email адрес, на который придет ссылка для восстановления пароля.
Установка нового пароля
Введите новый пароль для вашего аккаунта.
«EnergyChess-2021» шахматтық блиц-турнирі
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында, энергия кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мамандықтың оң имиджін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, шахматты танымал ету мақсатында 2021 жылғы 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «EnergyChess-2021» шахматтық блиц-турнирін өткізеді. Турнирдің регламенті қоса беріледі, жүктеу
«EnergyChess-2021» шахматтық блиц-турниріне шахмат жүрістері мен ережелерін білетін, интернетке қосылған компьютерге, планшетке/смартфонға қолжетімділігі бар кез келген электр энергетикасы саласының қызметкері қатыса алады. Турнирге қатысу үшін үміткер өтінімді energychess@mail.ru электрондық поштасына жіберуі қажет.