Қазақстан халқы тілдері күніне және Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған Тілдер апталығы аясында «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамында өткізілген іс-шаралар

«Астана - Теплотранзит» АҚ-ның мемлекеттік тілді енгізу бөлімі Қазақстан халқы тілдері күніне орай 5 қыркүйекке арналған жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын бекітіп, аталған жоспарға сәйкес 2021 жылғы 31 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында іс-шаралар ұйымдастырылды.
  1. Бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілді енгізу бөлімі «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған стенгазета шығарды.

2. «Қазақ поэзиясының символы – Мұқағали Мақатаев» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.

[gallery size="large" columns="4" ids="4908,4865,4867,4869"]

3. Мемлекеттік тілді енгізу бөлімі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған, «Астана - Теплотранзит» АҚ қызметкерлері арасында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу немесе әндерін орындау бойынша «Мені еске ал ...» атты онлайн-челлендж ұйымдастырды.

  [gallery columns="4" size="medium" ids="4873,4875,4877,4879,4942,4883,4885,4901,4887,4889,4891,4893,4895,4897,4899,4903"]   Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу және әндерін орындау бойынша онлайн челлендж