Менің таңбаларым – менің мақтанышым

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Астана-Теплотранзит» АҚ-да мемлекеттік тілді енгізу бөлімі мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мереке қарсаңында кәсіпорын аумағы мерекелік безендіріліп, баннер мен мерекелік жалаушалар ілінді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және құрметтеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің белгісі» тақырыбында қабырға газеті шығарылды. 2021 жылғы 4 маусым күні сағат 09:00-де мемлекеттік тілді енгізу бөлімі салтанатты сап түзеуді ұйымдастырды, сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (медициналық маска, арақашықтық) сақтай отырып, «Астана-Теплотранзит» АҚ орталық жылу тарату пунктінің (Тұран даңғылы, 12) және №1 сорғы станциясының (Республика даңғылы, 70Н) қызметкерлері өз жұмыс орындарында, сондай-ақ Жансүгіров көшесі, 7 мекенжайында орналасқан әкімшілік-тұрмыстық кешен қызметкерлері кәсіпорын аумағында бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз әрдайым мақсатымызға жетуге және игі істерімізге дем берсін! Бірлік әрдайым болсын!