Мемлекеттік тілді үйреніп жүрген қызметкерлер арасында мемлекеттік тіл бойынша тестілеу өткізу туралы

Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, ««Астана-Теплотранзит» АҚ өндірістік персоналының әкімшілік-басқару және инженерлік құрамын мемлекеттік тілге оқыту туралы ережеге сәйкес, мемлекеттік тіл білімін арттыру және жыл сайын мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеру мақсатында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді оқып жүрген қызметкерлер арасында тестілеу өткізу туралы бұйрық шығарылды.      Осыған байланысты инфекцияның таралу қаупінің алдын алу мақсатында COVID-19 індетіне байланысты карантиндік немесе төтенше жағдай шаралары енгізілген кезде, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып (медициналық бетперде, қашықтық сақтау, антисептик) 2021 жылғы 27 мамырда «Астана-Теплотранзит» АҚ-да бастапқы, жалғастырушы және тереңдетілген топтар арасында мемлекеттік тілді оқып жүрген қызметкерлер арасында тестілеу өткізілді.  Тест КАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы бойынша өткізілді. Алдын ала үш деңгей бойынша тест сұрақтары әзірленді. Тест сұрақтары төрт бөлімнен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық блок, оқу, жазу. Әр бөлімді орындауға тиісті уақыт бөлінді.