Қазақстан халқы тілдері күніне және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Астана-Теплотранзит» АҚ-да өткізілген іс-шаралар
Бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тіл – баға жетпес мұра» атты стенгазета шығарылды.
Тарихи мұраны насихаттау және ұлы ақын Абайдың мәңгілік есімін ұлықтау мақсатында «Абай – ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы және «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері қатысты.

«Абай – ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбындағы онлайн кездесу, қатысушылар: филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы
«Абай әлемі» атты ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған стенд шығарылды.