ИА «Total.kz» мақаласына теріске шығару

Жоба жетекшісіне «Total.kz» ИА Ж. Амербековаға 2015 жылдан 2017 жылға дейін «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 және 5 енгізу жылу желілерінің нысандарын салу жұмыстары жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге жүргізілді. Жобалық-сметалық құжаттаманы энергетика саласында тәжірибелі мамандары бар елдің жетекші жобалау институты – «ҚазНИПИЭнергопром» АҚ әзірледі. Құрылыс-монтаж жұмыстары мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде «АП-Импэкс» ЖШС, «Тамыр» ЖШС мердігер ұйымдарымен жүргізілді. Осы кезеңде 4 енгізу жылу магистралінің №15, №16 сорғы станцияларының (1 кезек), 4 енгізу жылу магистралінің №17 сорғы станциясының (2 кезек) және 5 енгізу бойынша №13 сорғы станциясының құрылысы аяқталды. Құрылыс барысында мемлекеттік сараптамадан өткен, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жабдықтар орнатылды. Сондай-ақ, жабдықтарды сатып алу Қазақстан Республикасындағы ресми дилерлер арқылы, зауыттан тікелей жеткізілуімен және сапаға қатысты тиісті құжаттармен жүзеге асырылды. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары барысында орындалған жұмыстардың сапасы мен жобалық шешімдерге сәйкестігін авторлық және техникалық қадағалау тарапынан міндетті бақылау жүргізілді. 4 және 5 енгізу жылу магистралінің №13, №15, №16, №17 сорғы станцияларының құрылысын аяқтау және қабылдау 2017 жылы пайдалануға беру актілеріне қол қою арқылы жүзеге асырылды. Жабдықтарға кепілдік мерзімі шарт талаптарына сәйкес монтаж жұмыстары жүргізілген сәттен бастап 24 айды құрайды. Жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалды. Қазіргі уақытта сорғы станциялары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, бүгінгі күнге дейін жылумен жабдықтаудың сенімділігіне әсер ететін ақаулар тіркелген жоқ. Басқарма төрағасы                                                                                                                                                                                                  В. Курисько