Мерекелік іс-шара, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Астана-Теплотранзит» АҚ мемлекеттік тілді енгізу бөлімі жыл сайын бекітілетін Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың 9-13 желтоқсан аралығында мерекелік іс-шара ұйымдастырды. 1) Елдің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жастарға ерекше көңіл бөлді, себебі еліміздің болашағы – жастар. Ол әрдайым жастарды қолдап, жастар саясатының дамуына ықпал етті. 2019 жыл елде Жастар жылы деп жарияланды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік тілді енгізу бөлімі «Жастар – тәуелсіз елдің болашағы!» атты стенгазета шығарды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара Мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абайдың 175 жылдығын республикалық деңгейде атап өту туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында халықаралық деңгейде «Абай өлеңдерін оқу» эстафетасы өтті және бұл эстафета біздің кәсіпорында да жалғасын тапты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шарада осы эстафетаға белсене қатысқан кәсіпорын қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара кәсіпорын қызметкерлерінің күшімен дайындалған мерекелік концертпен жалғасты.