Сейдағаламұлы Орынбек – наша гордость, который покорил спортивные вершины, защищая честь Республики Казахстан на международных соревнованиях, высоко поднимая знамя нашей страны.

Біздің мақтанышымыз

Сейдағаламұлы Орынбек 2008 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Астана-Теплотранзит» АҚ-да реттеу қызметінің технигі лауазымында жұмыс істейді. Өз тәжірибесі мен білімін жас мамандарға үйретеді. Ұжымда зор беделге және құрметке ие, еңбекқорлығы мен жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Еңбекқорлығы мен шығармашылық қызметі үшін Сейдағаламұлы Орынбек 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №39837 Жарлығымен «Еңбек Даңқы» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды. Жұмыс қызметіндегі жоғары марапаттарымен қатар, спортта да елеулі жетістіктерге жеткен. Жасына қарамастан, еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағына салауатты өмір салтын насихаттап, көптеген жылдар бойы спортпен айналысып келеді. Сейдағаламұлы Орынбек – самбо күресінен спорт шебері, ҚР «Қазақ күресі» спорт шебері, 2018 жылы (Касабланка қ., Марокко) спорт шеберлері арасында самбо күресінен әлем чемпионы, самбо күресінен әлем чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері, Ресей ашық чемпионатының күміс жүлдегері және самбо мен дзюдодан ҚР-ның төрт дүркін чемпионы. Сейдағаламұлы Орынбек – біздің мақтанышымыз, ол спорттық шыңдарды бағындырып, Қазақстан Республикасының абыройын халықаралық жарыстарда қорғап, еліміздің туын биікке көтерді. Сейдағаламұлы Орынбектің биіктері мен жетістіктерін мақтанышпен атап өтуге болады: 2011 ж. – «Қазақ күресінің мақтанышы» медалі, Алматы қ.; 2012 ж. – ардагерлер арасында самбодан 2 орын, Түркістан қ.; 2012 ж. – ардагерлер арасында самбодан әлем чемпионатында 5 орын, Касабланка қ., Марокко Корольдігі; 2013 ж. – ардагерлер арасында самбодан Қазақстан Республикасы чемпионатында 1 орын, Қостанай қ.; 2013 ж. – самбодан әлем біріншілігінде күміс медаль, Бургас қ., Болгария; 2014 ж. – самбодан әлем біріншілігінде күміс медаль, Халкидики қ., Грекия; 2015 ж. – самбодан әлем біріншілігінде күміс медаль, Ашдот қ., Израиль; 2017 ж. – самбодан әлем біріншілігінде қола медаль, Пореч қ., Хорватия; 2017 ж. – самбодан Қазақстан Республикасы біріншілігінде күміс медаль, Түркістан қ.; 2018 ж. – спорт шеберлері арасында самбодан әлем чемпионатында 1 орын, Касабланка қ., Марокко Корольдігі; 2019 ж. – ардагерлер арасында дзюдодан Ресей чемпионатында 2 орын, Санкт-Петербург қ.; 2019 ж. – ардагерлер арасында дзюдодан Қазақстанның бірінші чемпионатында 1 орын, Нұр-Сұлтан қ. Спорттағы көпжылдық жоғары көрсеткіштері үшін Сейдағаламұлы Орынбек Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Сейдағаламұлы Орынбек қазақстандық спорттың дамуына үлес қосуда. Ол табандылығы, жоғары шеберлігі, сарқылмас энергиясымен елімізді спорттық жарыстарда лайықты танытып келеді. Міне, тағы бір жеңіс! 2019 жылдың қазан айында Кипрде самбо күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті, онда жақын және алыс шетелден келген самбо ардагерлері қатысты. Біздің әріптесіміз, реттеу қызметінің технигі – Кәсіподақ мүшесі Сейдағаламұлы Орынбек 82 кг салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, І орынды иеленді! Сейдағаламұлы Орынбекті осы жеңісімен құттықтаймыз, мықты денсаулық, отбасылық амандық, спорттық табыстар және жаңа биіктерге жетіп, бізді үздік нәтижелерімен қуанта беруді тілейміз!