Біздің серіктестер

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №1130 бұйрығымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты болып белгіленді.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты келесі міндеттерді орындайды:

  1. Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастырады және оны жүргізеді;
  2. энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және оны жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеуді және енгізуді жүзеге асырады;
  3. Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ақпаратты беруден жалтарған немесе дұрыс емес ақпарат берген субъектілері туралы ақпаратты уәкілетті органға береді;
  4. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және аккредитация туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
  5. уәкілетті органға Мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және оны жүргізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
  6. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауды, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия ресурстарын тұтынуын талдауды алдыңғы жылмен салыстырмалы талдауды, Қазақстан Республикасында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы және энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігі бойынша талдамалық зерттеуді, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің үлестік шығыстарын және энергияны пайдалану нормативтерін талдауды, осы Заңды іс жүзінде іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар береді және уәкілетті органға жиынтық ақпаратты ұсынады;
  7. энергия аудиттері қорытындыларына талдау жүргізеді және уәкілетті органға ақпарат ұсынады;
  8. энергия тиімділігі картасын іске асыру шеңберінде ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетуге жәрдемдеседі;
  9. энергия үнемдеуді дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
  10. уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсыныстар береді.

Институттың құрылуы экономиканың басқа салаларының экологиялық таза және тұрақты дамуынғылыми-әдістемелік, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету және көрсетілген салаларда өнеркәсіптік саясат мәселелерін шешу бойынша тәжірибелік ұсынымдарды әзірлеу жолымен қамтамасыз ететін экономиканың маңызды секторлары болып табылатын электр энергетикасы мен энергия үнемдеудің тұрақты индустриялық-инновациялық дамуына ықпал етуге бағытталған.

БҰҰДБ

Орташа әлемдік көрсеткіш өндірілген өнімнің миллион долларға CO2эквивалентінің шамамен 500 тоннасын құраған кезде өндірілген өнімнің миллион долларға CO2эквивалентінің шамамен 1200 тоннасын шығара отырып, Қазақстан Республикасының (ҚР) экономикасы көміртекті ластану бойынша жетінші орында. Еліміздің энергетикалық секторы шығарындылардың 80 пайызының шығу көзі болып табылады, оның 90 пайызы жылу және электр энергиясын өндіру секторына жатады.Бірінші кезекте тұрғын үй секторының ғимараттары электр энергиясының 13,5 пайызын және жылу энергиясының 24 пайызын тұтынады; тұрғын үй секторы еліміздің энергетика және өндірістік секторынан кейінгі жылу және электр энергиясының үшінші ірі тұтынушысы болып табылады. Дамудың ресми болжамдары мен басымдылықтары тұрғын үй секторының қарқынды дамуын көрсетеді, оның 97 пайызын жаңа ғимараттар құрайды.

БҰҰДБ жобасының мақсаты – анағұрлым энергия тиімді жобалау мен құрылысты қамтамасыз ету үшін Қазақстанның тұрғын үй секторында жаңа тәжірибелерді енгізу және нарықты өзгерту арқылы жаңа тұрғын ғимараттардан парниктік газдардың шығуын азайту. Ұсынылған жоба төрт құрауыштан тұрады, олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатты топтардың қатысуымен нақты мәселелерді шешуге бағытталған:

  • энергия тиімді нормативтерді, стандарттарды және ғимараттар белгілерін әзірлеу және орындау;
  • энергия тиімді құрылыс материалдары мен тауарларды өндіру және сертификаттауды кеңейту;
  • энергия тиімді жобалауды және жаңа технологияларды қолдануды дамыту мақсатында ақпараттандыру;
  • энергия тиімді жобалау және құрылыс бойынша көрсеткіш жобалар.

Сайт: http://www.kz.undp.org/

PRO ECO

«PRO ECO» энергия тиімділігі, ресурсты үнемдеу және экологиялық технологиялардың халықаралық орталығы» қоғамдық бірлестігі. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі – ұйым қызметінің негізгі бағыттары. Орталық коммерциялық емес ұйым болып табылады. Ол 2014 жылғы 3 қазанда ресми түрде ашылды. Орталық қызметінің негізгі бағыты – энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарға сұранысты қанағаттандыруға бағытталған, клинеттерге – заңды тұлғаларға, сол сияқты жеке тұлғаларға арналған өзекті консалтингтік қызметтер.

Сайт: http://proeco.center/

«ЭнКом-Ст» ЖШС

Компания жетекші әлемдік өндірушілердің энергия үнемдейтін технологиялары мен жабдықтарын Қазақстан нарығында дамыту мақсатында 2002 жылы 15 тамызда құрылды. Компанияда жылу энергиясы абоненттік кірмелерінің, жылу желілерінің және жылуды тұтынатын жүйелердің жабдықтарын жобалау, құрастыру, пайдалану және реттеу бойынша жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті инженерлік персонал жұмыс істейді.

Алға қойған мақсаттар шегінде клиенттерге келесі жабдықтарды таңдау, жеткізу, инженерлік ілестіру, құрастыру және қызмет көрсету бойынша қызметтер кешені ұсынылады:

  • Жылуды есепке алу жүйелері;
  • Суды есептке алу есептеуіштері;
  • Реттеуші жабдықтар;
  • Жылу алмастырғыш жабдық;
  • Сорғы жабдығы;
  • Бекітуші және реттеуші арматура;
  • Металл пластикалық құбыр және оның фитингілері;
  • Болат радиаторлар.

Сайт: http://www.enkom.kz/

«Эргономика» ЖШС

«Эргономика» ҒӨФ ЖШС фирмасы 1996 жылы 28 тамызда тіркелді.

Негізгі қызмет түрлері:

  1. Өлшеу-бақылау аппаратурасын: тұрмыстық мақсаттағы, сол сияқты өнеркәсіптік мақсаттағы суық және ыстық су есептеуіштерін, жылу есептеуіштерін жеткізу және құрастыру;
  2. Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау;
  3. Суды тазарту, сорғы, қазандық, тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсаттағы басқа жабдықты жеткізу және құрастыру;
  4. Ішкі инженерлік желілерді орнатуу бойынша жұмыстары;
  5. Орнатылған жабдыққа қызмет көрсету.

«Эргономика» компаниялар тобы шамамен 20 жыл бойы энергия үнемдеу технологияларын ендіру мәселелерімен айналысып келеді. Өткен кезеңде жылыту, желдету және ауаны баптаудың әр түрлі сызбанұсқаларын қолдану бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақтады. «Эргономика» компаниясы Қазақстандағы алғашқы энергиясервистік компания болып табылады және Қазақстан – БҰҰДБ-мен белсенді қызмет етеді. БҰҰДБ басшылығы компанияға бірнеше рет келіп, оны жұмысына оң баға берді. Қол жеткізген жетістіктері үшін компания энергия үнемдеу бағытындағы инжиниринг саласында «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында «Алтын Сапа» Президент сыйлығын алды. 2011 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев компанияға келіп, энергия үнемдеуді насихаттау ісінде «Эргономика» компаниясының тәжірибесімен танысты, оның жоғары энергия тиімділігін, республика үшін маңыздылығын атап өтті. Осы сапардың нәтижесінде Президент Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында Эргономика кеңсесіне ұқсас энергия тиімділігінің үш орталығын салуға тапсырма берді. Компанияның барлық жобалары энергия үнемдеу идеясын іске асыруға және Қазақстанның коммуналдық саласын қолдауға бағытталған.

Сайт: http://ergonomika.kz/

Блог Председателя Правления

Поиск по сайту







© АО «Астана-Теплотранзит»