Энергия көздерін тиімді үнемдеу бойынша ұсынымдар

ұсынымдар

Тұрмыста энергия үнемдеу немесе отбасы бюджетінің үнемі бойынша кеңестер

Энергия үнемдеу тұтынушылар үшін сәнге айналған, көп талқыланатын және маңызды мәселелердің бірі болып табылады, себебі әрбір тұтынушы өзінің электр энергиясы шығындары деңгейін бағалап, әркім өзіне: «шығындарды үнемдей отырып, энергия ресурстарын қалай ұтымды пайдалану керек?» деген сұрақ қояды. Мамандардың пікірі бойынша – пәтерді жарықтандыруға үйдің шығындалатын электрэнергиясының бестен бір бөлігі кетеді, сондықтан сарапшылар энергия үнемдейтін шамдарды сатып алуға және Ажәне В класстағы энергия тиімділігі бар тұрмыстық техникаларды таңдауға кеңес береді. Отбасы бюджетін үнемдеуді қыздыру шамдарын ықшамды люминесцентті (сондай-ақ энергия үнемдейтін ретінде белгілі) шамдарға ауыстырып, жарықтандырудан бастау керек.

Статистика бойынша, үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20 пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру отбасы бюджетінеелеулі үнем әкеледі. Бұл энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан.Шамдарды ауыстырғандағы үнемді бағалау үшін, мәселен, қыздыру шамы күніне 3 сағаттан 100Вт қуаттылықпен немесе айына 90 сағат жұмыс жасайды деп алайық. Бұл жағдайда қыздырушамы ай сайын 9 кВт (0,1кВт*90=9кВт*ч) электр энергиясынтұтынады. Егер қыздыру шамының орнына 20-ваттық энергия үнемдейтін шамды қолданса, электр энергиясының тұтыну айына 1,8 кВт (0,2кВт*90=1,8кВт*ч) құрайды. Сонымен, бір қыздыру шамын энергия үнемдейтін шамға ауыстырудан болған үнем айына 7,2 кВт құрайды. Егер бір ай көлемінде бір шамды ауыстырумен болған үнем азғантай сияқты болғанмен, ал 10 шамды ауыстыру кезіндегі бір жылғы үнем 864 кВт*ч. құрайды.

Энергия үнемдейтін шамдардың электр энергиясын үнемді тұтынудан басқа да ұзақ мерзім қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар.Яғни, энергия үнемдейтін шамдарды Сіз 5-10 жыл, ал қыздыру шамдарды 1 жыл ғана қолдана аласыз. Энергия үнемдейтін шамныңжоғары жарық беруі ол тұтынатын ең жоғарғы электр энергиясы жарыққа айналатынын болжамдайды, ал қыздыру шамдарындағы электр энергиясының 90 пайызы вольфрам сымдарын қыздыруға, яғни жылытуға кетеді.

Энергия үнемдейтін шамдардың кемшілігі арасында қызудың (шам түріне байланысты 5-120 сек) ұзақтық фазасын атап өтуге болады және қызмет ету мерзімінде қосу/ажырату жиілілігінің әсері, сондықтан жарықты жиі іске қосатын, бірақ аз уақытқа іске қосылатын жерлерде орнатпауға ұсыныс береді.Энергияүнемдейтін шамдардың кемшіліктері болса да, олар сапалы жарық пен отбасы бюджетін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тағы бір кең тараған аңыз–энергия үнемдейтін шамдардың төменгі сапада жарықандыруы. Шынында алғашқы үлгілері қөзге жылт-жылт еткен және жағымсызжарық түсірген, сондай-ақ түс жіберуі төмен болған, ал заманауи шамдарда мұндай кемшіліктер жоқ. Энергия үнемдейтін шамдардағы жарық сапасы қыздыру шамдарының жарық сапасынан кем түспейді, алайда бұл ретте демалысқа жайлы жұмсақ,жылы жарық, немесеойды жақсы жинақтауға мүмкіндік беретін жарық және салқын болсын, тұтынушының өзі қалайтын жарық әсерімен шамды таңдау мүмкіндігі бар.

Энергия үнемдеу үшін не істеу керек:

  • Ешқашан жарық сөндіруді ұмытпау керек
  • Энергия үнемдейтін шамдар мен жабдықтарды қолдану керек .
  • Жылу ысырабын азайту үшін пәтерде есік пен терезелерді жақсылапжылы қалыпқа келтіруқажет.
  • Теңгермеклапандарды орнату керек (шұрасы бар батареялар).

Қысқаша кеңестер:

  • Шамдар мен плафондардың тазалығын қадағалау керек: кір мен шаң жарықтандыру құралдарының немесе табиғи жарықтандырудың тиімділігін 10-30 пайызға төмендетуі мүмкін.
  • Табиғи жарықты ең көп қолдану: терезе әйнектерінің тазалығын қадағалау және қажет болмаған жағдайда перде мен жалюзиді жаппау.
  • Үйдің жарықтандыруын ұйымдастыру кезінде аймаққа бөлуді қолдану. Бұл Сіздің үйіңізді жақсы жарықтандыруға да мүмкіндік береді, сонымен қоса электр энергиясының шығысын азайтады. Мысалы, оқу үшін торшер немесе браны қосу жеткілікті, ол үшін 6 шамды қосу қажет емес.
  • Тұрмыстық техниканы қолдану кезінде энергия үнемдеу режимдерін сақтап, жабдықтың тазалығы мен жүктемесін қадағалау қажет.
  • Кір жуатын машиналарды оңтайлы пайдаланудың басты шарты – киім жүктеудің ең жоғарғы нормасынан аспау. Кір жуатын машиналардың толық жүктемелмуіне жол бермеу керек:электр энергиясының артық шығысы 10-15 пайызды құрауы мүмкін. Кір жуудың қате бағдарламасы кезінде электр энергиясының артық шығысы - 30 пайызға дейін.
  • Шаңсорғыштың тиімді жұмысы үшін шаң жинағышты уақтылы ауыстыру немесе тазалау маңыздылығы зор. Ауа шығаратынның тазалау сүзгісін ауыстыру немесе тазалау керек екенін әрқашан ұмытпау керек. Шаң толған шаң жинағыш пен сүзгі шаңсорғыштың жұмысын қиындатады, ауа тартымын азайтады және шаңсорғыштың энергия тұтынуын арттырады.
  • Тамақ дайындау үшін ыдысты таңдау кезінде егер сыйымдылық электр плитаның конфоркасының өлшеміне сәйкес келмесе энергияның 5-10 пайызы кететінін әрқашан есте сақтау керек.
  • Электр шәйнегін қолдану кезінде одан қақты уақтылы алып отыру маңызды. Қақ суды бірнеше рет қыздыру және қайнату нәтижесінде пайда болады және жылу өткізгіштігі аз болады, сондықтан қағы бар ыдыстағы су баяу қызады, ал электр энергиясы көп жұмсалады.
  • Тоңазытқышты салқын жерде орнату керек, плитаның жанында орнатуға болмайды. Егер тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасы 30ºC болса, оның электр энергияны тұтынуы екі есе артады. Мұздатқыш камерасында мұз пайда болған кезде оны уақтылы еріту керек. Мұздың қалың қабаты тоңазытылған азық-түліктің салқындатуын қиындатады және электр энергиясының тұтынуын арттырады.
  • Мысалы, бүгінгі күні шығарылатын барлық компьютерлер энергия үнемдеу режимін сақтайды. Осы режимді дұрыс реттеу кезінде электр энергиясын 50 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізуге болады. Бұл ретте егер онымен бірнеше минут ішінде жұмыс жүргізілмесе, монитор бірінші автоматты түрде күту режиміне өтеді. Бұл режим жұмыстың толық жұмыс режимінен едәуір үнемді.
  • Қарапайым қыздыру шамдарын шағын люминесцент шамдарға (ШЛШ) ауыстыру. Шырақ шамға келетін шамды таңдау қажет: цоколі қыздыру шамының цоколі сияқты, өзінің өлшемі бойынша шырақ шамға сыятын болу керек. Қыздыру шамдарын қазіргі заманғы энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру орташа пәтерде электр энергиясын тұтынуды 2 есе азайтады. (Шығындар әдетте 2-3 айға өтеледі);
  • Жарықты автоматты басқарудың мүмкіндігінше әр түрлі жүйесін қолдану. Бұл жүйелердің жарықты өз бетінше іске қосуға және ажыратуға немесе жарыққа, дыбыс немесе қозғалысқа әрекет ететін сезгі құрылғысы көмегімен берілген көлемге байланысты оның қарқынын ауыстыруға қабілеті бар. Бүгін электр энергиясын үнемдеуге қазіргі заманғы электр техникалық қондырғылары көмектеседі. Электр жабдығы қолданылмағанда оны автоматты түрде істен ажырататын құралдар бар. Мысалы, көп кіреберістерде жарық түні бойы жанып тұрады, ал таңғы сағат үш-бесте кіреберісте, әдеттегідей, ешкім жоқ және электр энергиясы текке «жанады». Осындай орынжайларда уақытты ұстап қалатын ажыратқышты қолдануға болады. Жарықты іске қосумен бір уақытта уақытша реле қосылады, ол жарықты берілген уақыт аралығы арқылы (10 сек бастап 10 мин. дейін) өз бетінше сөндіреді. Сонымен, 14-20 пайыз электр энергиясы үнемделуі мүмкін. Осы мақсатқа инфрақызыл детекторы (қозғалыс сезгі құрылғысы) қолданылады, ол объекті қозғалған кезде бірден іске қосылады. Адам бөлмеге кірген кезде автоматты түрде жарық жағылады, ал шыққан кезде – сөнеді.

«Астанаэнергосервис» АҚ ұсынымдарының сайтына сілтеме: http://www.aes.kz/ru/taxonomy/term/33

Блог Председателя Правления

Поиск по сайту







© АО «Астана-Теплотранзит»