Кәсіпорындағы энергия үнемдеу

"АСТАНА-ТЕПЛОТРАНЗИТ" АҚ-та ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ

«Астана-Теплотранзит» АҚ төмен шығындар кезінде жоғары экономикалық тиімділік есебінен нарықта өзін жақсы жақтарынан көрсеткен қазіргі заманғы энергия үнемдейтін технологияларды пайдаланып, энергия үнемдеу бойынша өндіріс саласында да, энергияны тұтыну саласында да 2012 жылдан бастап кешенді саясатты жүргізеді. Осы мәселеге кәсіпорынның аса көңіл аударуы Астана қаласының инфрақұрылымының қарқынды дамуымен байланысты энергия тұтынудың тұрақты өсуімен негізделген.

«Астана-Теплотранзит» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі мақсаттары мен міндеттері технологиялық ысыраптарды азайту үшін энергияны коммерциялық есепке алуды жетілдіру, жылу жабдығының жұмысында авариялық жағдайды азайту арқылы қаланың жылумен жабдықтау сенімділігін арттыру болып табылады, кәсіпорын персоналының энергияны үнемдеуге қатысты мәдениет деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін әдістеме әзірленеді.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес: «Астана-Теплотранзит» АҚ жылына шартты отынның 1500 тоннадан да көп энергетикалық рессурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі болып табылады. Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі - МЭТ) – бұл энергетикалық ресурстарды тұтыну, МЭТ субъектілерінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру туралы ақпараттар жиынтығы. Осы заңға сәйкес 2014 жылғы қарашада «Институтом развития электроэнергетики и энергосбережения (Казахэнергоэкспертиза)» АҚ энергия менеджменті жүйесін енгізумен және оны ISO 50 001:2011 халықаралық сертификатына растаумен энергетикалық аудит жүргізді.

«Астана-Теплотранзит» АҚ-та энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі барлық деңгейлерде жұмыс істейді.

Кәсіпорында «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың энергия тұтынуын азайту және энергия тиімділігін арттыру мақсатында Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспар (бұдан әрі - Жоспар) жыл сайын әзірленеді және іске асырылады.

Жоспар 5-бөлімді қамтиды, олар жүргізілген энергия аудит нәтижелері бойынша ұсынылған іс-шаралардан, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша құрылымдық бөлімшелер әзірлеген іс-шаралардан тұрады.

Негізгі техникалық іс-шараларға Астана қаласының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспар құрамына кіреді.

Жоспар құрылымы:

  • 1-бөлім. Энергия ресурстарын өндіру мен беру кезінде энергия үнемдеу;
  • 2-бөлім. Есепке алу және бақылау құралдары, автоматтандырылған жүйелер;
  • 3-бөлім. Энергия аудиті және энергия менеджменті;
  • 4-бөлім. Энергия үнемдеуді және ақпараттық қамтамасыз етуді насихаттау;
  • 5-бөлім. Персоналдың біліктілігін арттыру;

2017 жылы Жоспарға сәйкес энергия үнемдеу бойынша 17 іс-шара өткізілді:

  • 1-бөлім. Энергия ресурстарын өндіру мен беру кезінде энергия үнемдеу.
  1. Қалдық бөлгіштерді енгізу – 4 бірлік.
  2. № 6,7 СС-да жиілікті-реттеуіш жетекті орнату.
  3. ППУ-дық оқшаулаудағы құбырларды қолданумен жылу желілерін күрделі жөндеу.
  4. Хризотил талшықтастан жасалған жабынды қолданумен құбырлардың жылу оқшаулауын қалпына келтіру.
  5. ППУ-дық оқшаулауды қолданумен жылу желілерін қайта жаңарту.
  6. ППУ-дық оқшаулауды қолданумен жылу желілерін ағымдағы жөндеу.
  7. «Астана-Теплотранзит» АҚ өндіріс базаларының қоршау құрылымдарын жөндеу бойынша жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу
  8. «Астана-Теплотранзит» АҚ өндірістік базаларының жылумен жабдықтау жүйесінде реттеу және ағымдағы жұмыстарды жүргізу.
  • 2-бөлім. Есепке алу және бақылау құралдары, автоматтандырылған жүйелер.
  1. Өндірістік базаларда әкімшілік және тұрмыстық үй-жайлардың дәліздерінде және сантораптарындағы жарықтандыруды қозғалыс датчиктерімен жарық диодты жарықтандыруға ауыстырумен жарықтандыруды автоматты түрде басқару жүйелерін орнату.
  2. "Астана-Теплотранзит" АҚ автокөліктерінің GPS-мониторингі.
  3. ТГИД- 07 базасында өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ӨБАЖ) енгізу.
  • 3-бөлім. Энергия аудиті және энергия менеджменті.
  1. Жылытылатын ғимараттардың жылу сезгіштігін тексеру.
  2. ИСО 50 001 энергия менеджменті жүйесін қайта сертификаттау аудиті.
  • 4-бөлім. Энергия үнемдеуді және ақпараттық қамтамасыз етуді насихаттау.
  1. «Жел генераторы мен күн батареялары бар ЖЭК орнату» пилоттық жобасы.
  2. ЭКСПО-2017 қарсаңында біздің кәсіпорынның қызметкерлері мен және олардың отбасылары арасында балаларларға арналған сурет байқауы интерактивті іс-шарсы өткізілді.
  3. Энергияны үнемдеу саласындағы ақпаратты кәсіпорын сайтында және стендтерінде орналастыру.
  • 5-бөлім. Персоналдың біліктілігін арттыру.
  1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында персоналдардың біліктілігін арттыру.

Іс-шараларды іске асырудан энергетикалық ресурстардың үнемделуі 1897 ш.о.т құрады.

Энергетия менеджменті жүйесі

Кәсіпорында Энергетикалық саясат әзірленген және қабылданған

«Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығы ресурстарды қамтамасыз етеді және Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатты іске асыру үшін жағдай жасайды. «Астана-Теплотранзит» АҚ әрбір жұмыскері өз жұмыс орнында энергетикалық шығындарды төмендетуге тырысады.

Энергия менеджменті жүйесін енгізу саласы:

  • Астана қаласының тұтынушыларына жылу энергиясын тасымалдау;
  • Жылу және электр энергиясын тұтыну.
  • Автомобиль отынын тұтыну.

Энергия менеджменті жүйесінің негізгі ережелері:

  • Энергия үнемдеуді басқару тиімділігін арттыру
  • Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау.
  • Энергетикалық ресурстардың тұтынуын бақылау жүйесін жетілдіру.
  • Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды жетілдіру.
  • Жабдықтар мен материалдардың энергия тиімділігі бойынша талаптарын сатып алу жүйесіне енгізу.
  • Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелері бойынша персоналдың білім деңгейі мен құзыреттілігін үнемі арттыру.
  • Тұтынушылар мен серіктестер арасында энергия үнемдеуді насихаттау.
  • Энергия менеджменті жүйесін жетілдіру барысында белсенді қатысқаны үшін персоналды көтермелеу.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мақсат:

  • Астана қаласының жылу энергиясын тасымалдау және тарату жүйелерінің энергия тиімділігін 2020 жылға дейін «Астана-Теплотранзит» АҚ дамуының белгіленген көрсеткіштеріне дейін арттыру.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы міндеттер:

  • 2020 жылға жылу энергиясын тасымалдау кезінде салыстырмалы жылу ысыраптарының пайызын 13,0% дейін төмендету.
  • 2020 жылға жылу энергиясын тасымалдауға электр энергиясының үлесті шығынын 1,0% төмендету
  • Компанияның энергия менеджменті жүйесін ИСO 50001 талаптарына сәйкес келуін жыл сайын растау.
  • 2018 жылға кәсіпорында энергия үнемдеу жабдығын сатып алу үлесін 100% дейін жеткізу
  • Кәсіпорында 2019 жылға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қол жеткізген нәтижелері үшін персоналды көтермелеу механизмін енгізу
  • 2019 жылға энергия менеджменті жүйесіне компанияның 100% персоналын қосу.
  • 2019 жылға энергия ресурстарын тұтыну мониторингі және талдаудың бағдарламалық кешенін әзірлеу және енгізу.
  • 2018 жылға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кәсіпорын персоналының құзыреттілігін 100% жоғарлату
  • Жыл сайын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу.

Компанияның серіктестерін 2019 жылға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы компанияның қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттары туралы хабардар ету

Блог Председателя Правления

Поиск по сайту







© АО «Астана-Теплотранзит»