Негізгі парақ

2004 жылы 4 қарашада  тіркелген  «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамы  1965 жылдың 1 наурызында құрылған Целиноград қаласының Жылу желілерінің басқармасы базасында құрылды. «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың құрылу және даму тарихы біздің Астана қаламыздың - Қазақстан Республикасы астанасының тарихымен тығыз байланысты. Астана қаласы өз атауын 1998 жылы алды, 1961 жылдан бастап 1992 жылға дейін Целиноград деп аталды. Астана – әлемдегі ең жас қала, ірі іскерлік, дипломатиялық, сауда және мәдени орталығы бар қала. «Астана-Теплотранзит» АҚ астанадағы аса маңызды кәсіпорындардың бірі болып табылады. 

«Астана-Теплотранзит» АҚ - бұл динамикалық дамушы, жоғарғы білікті мамандары және қажетті материалдық базасы бар кәсіпорын, оның негізгі қызмет түрі жылу энергиясын беру және тарату болып табылады. «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың негізгі міндеті - Астананың барлық тұтынушыларын жылу энергиясымен тоқтаусыз және сапалы қамтамасыз ету.

Трасса бойынша қызмет көрсетілетін жылу желілерінің жалпы ұзындығы 2015ж.01.01 күнгі жағдай бойынша 571,57 км құрайды, оның ішінде:

  • су жылу трассасының ұзындығы 562,79 км құрайды
  • бу трассасының ұзындығы 8,78 км құрайды

Жылу желілерінің гидравликалық режімін қамтамасыз ету үшін жеті № 1,2,3,4,5,6,7 сорғы станциясы – тура және кері ағын құбырларында, №11СС, №10СС, №9СС, №8СС кері ағын құбырларында орнатылған.

Бос және қолжетімді қуаттың болуы туралы мәліметтер: 2015ж.11.01 күнге Астана қаласы бойынша                     104,8 Гкал/сағ мөлшерінде жылу қуатының тапшылығы бар.

«Астана-Теплотранзит» АҚ Астана қаласының тұтынушыларына жылу энергиясын беру және тарату тарифі 1 Гал үшін  ҚҚС-сыз 1000 теңге мөлшерінде 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылатынын  хабардар етеді.

«Астана-Теплотранзит» АҚ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2016-2020 жылдарға арналған жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі ҚР ҰЭМ Астана қаласы бойынша  ТМРжБҚКД-нің 2015ж.20.11 күнгі №179-НҚ бұйрығымен бекітілгені туралы Астана қаласының тұтынушыларын хабардар етеді:

  • 2016ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 070 теңге;
  • 2017ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 134 теңге; 
  • 2018ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 202 теңге;
  • 2019ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 262 теңге;
  • 2020ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 325 теңге. 

 








Сайт бойынша іздеу

© «Астана-Теплотранзит» АҚ